13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауыл округіндегі “Ордабасы құс” ЖШС-не барды. Аталған кәсіпорын «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған болатын. I кезеңі 2010 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына — 4 828 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны — 3 млрд. 249 млн.теңге, мұнда 280 жұмыс орны ашылған. II кезеңі 2014 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына — 8110 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны -2 млрд. 330 млн.теңге, ашылған жұмыс орны — 140 адам.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күркетауық фабрикасына жалпы құны 128 млн. теңгеге газ құбыры мен ішкі автожолдар тартылған. Былтыр қараша айының 14-жұлдызында 52 000 бас күркетауық тұқымы инкубаторға салынып, 50 000 бас балапан шығып, өсіріліп жатыр. Ал биылғы қаңтар айының 11-жұлдызында Франция мемлекетінен 54 000 бас күркетауық тұқымы әкелініп, инкубаторға салынып, 28 күнде балапан болып шығады деп жоспарланып отыр.

Нұрбек Бақтыбайұлы серіктестік қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Бұдан өзге, Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округіндегі «Ордабасы нан» ЖШС-і ҚР индустриялы-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Аталған кәсіпорынның негізі 2008 жылы қаланған. Бүгінгі таңда серіктестік күніне 450 тонна ұн өңдейді. Диірмен түркиялық автоматтандырылған озық технологиямен жабдықталған.


Сондай-ақ өндіріс орнында шикізат пен шығарылған дайын өнімді тексеретін арнайы зертхана жұмыс істейді. Мекемеде 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ондағы өнімнің тең жартысы ішкі нарыққа, жартысы Өзбекстан мен Ауғанстанға жөнелтіледі.

Аталған серіктестіктің жұмысымен жіті танысқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов серіктестік басшылығына аудан экономикасының дамуына қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Ауыл - ел бесігі» жобасының жетістігі артып келеді

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «OZGERIS. МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі