13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Ауыл — ел бесігі» жобасының жетістігі артып келеді

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Ауыл — ел бесігі» жобасының жетістігі артып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында «Ауыл — ел бесігі» жобасының нәтижесі көп. Аталған бағдарлама аясында Бірінші Мамыр елдімекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына Ұлттық қор есебінен 467 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Көксәйек елдімекенінде жоба құны 926 млн теңге болатын спорттық сауықтыру кешенін салу үшін, жобасы тиісті салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылды.

Сондай-ақ, Төлебиде жыл сайын жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлер көптеп бой көтеріп жатыр. Аудан халқын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында Ленгірдегі І мөлтек аудан аумағынан 60 пәтерлі 9 тұрғын үй құрылыстарының сметалық құжаттары дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, аудан орталығындағы Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріне 5 қабатты 40 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құжаттарын қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Алатау» мөлтек ауданындағы 3 класстағы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өткізу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ, Аққұм және Киелітас ауылдық округтерінде ауылдық мәдениет үйлерін салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып, оның ішінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Момынай елдімекенінде 146 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Киелітас елдімекенінде 146 орындық ауылдық мәдениет үйі құрылысын қаржыландыру үшін салалық басқармаларға жолданған.

Еске сала кетсек, былтыр Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ленгір қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 отбасыға баспана кілттері табысталды. Баспаналар әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.

Айта кетсек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Төлебиде бірнеше мектеп салынбақ. Ленгірде – 1500 орындық, Бірінші Мамырда – 1500 орындық, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, сондай-ақ Қосағашта 600 орындық жаңа мектептердің кұрылысы жоспарланып отыр.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі