13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «OZGERIS. МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «OZGERIS. МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «OZGERIS. Мүмкіндіктер уақыты» атты семинар-тренинг өтті. Аталған тренингтің мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту. Басқосуға «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова, «Aizhamal тәттілері» кондитерлік дүкендер желісінің директоры Айжамал Жанбуршина, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Әсел Бекенова, қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Гүлнұр Қыпшақбаева сынды спикерлер келді.

Келелі кеңесте сөз бастаған Индира Сарқытқызы «Оқушылар сарайында» бұрымдыларға арналған «Ісмер ана» жобасы қолға алынып, көптеген аналар кәсіби білім алып, бәсекеге қабілетті маман атанып жатқанына назар аударды. Сонымен қатар, 14-29 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алатын үйірмелер бар екендігін атап өтті.

Ал «Aizhamal тәттілері» кондитерлік дүкенінің директоры Айжамал Бауыржанқызы қыздарға алғашқы кәсіпті қалай бастау керектігін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті.

Өңірімізде әйелдер қауымына қолдау көрсету мақсатында біршама жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — «Ісмер ана» жобасы. Айта кетсек, аталған жоба 2021 жылдың қараша айынан басталған болатын. Жобаның басты мақсаты — кәсіп ашқысы келетін әйелдерге қолдау көрсету. Осыған дейін, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары «Ісмер ана» жобасының алғашқы бітірушілеріне кәсіпкерлік қызметке ақысыз сервистік қолдау қызметін көрсететінін жеткізген болатын. Нақтырақ айтар болсақ, кәсіпкерлер палатасы кәсіпке жаңа қадам басып келген ханымдарға бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер, маркетинг мәселелері бойынша тегін қызмет көрсеткен еді. Бұл кәсіп ашуға мүмкіндігі жоқ әйелдер қауымына таптырмас мүмкіндік.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі