13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕТІСТІГІ: «I-QALA» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕТІСТІГІ: «I-QALA» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймағында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді. Облыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру 5 негізгі бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қосымша 6 бағыт бойынша жүзеге асуда.Солардың бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы – «Iqala» жобасы.

үркістан облысының геопортал базасында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы Түркістан облысының 30-дан астам табиғи монополия субьектілерінің 250-ден астам қызметін біріктіретін «I-Qala» цифрлық коммуникация сервисі құрылды.

«Iqala» қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Құжаттар қысқа мерзімде тапсырылып, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау секілді қызметтер цифрландырылады.

Сонымен қатар, сервис арқылы жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Түркістан облысының жеке кәсіпкерлері дербес шот ашуға, анықтама, техникалық шарт, су, электр, жылумен жабдықтау және су бұру секілді қызметтерге шарт жасауға өтінім бере алады. Тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңба немесе СМС арқылы өтінім беріп, қажетті қызмет түрін таңдап, мәліметтерді толтыру және өтінімді жіберу жеткілікті. Аталған жүйе қолданушыларға үйден шықпай қызмет алумен қатар, өз өтінішінің орындалуын онлайн режимде бақылау арқылы қызмет көрсету процессінің ашықтығына қол жеткізе алады.
Қазіргі таңда Кентау қала тұрғындары мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсететін: «Ащысай Су» МКК, «Энергопоток» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Alemline» ЖШС, «Дидар-2030» (AlemTV) ЖШС мекемелерінің қызметтерін ikentau.kz интернет-порталы арқылы онлайн режимінде ала алады.
Осылайша, жоба төңірегінде кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет алудың ыңғайлы және жылдам тәсілін ұсына отырып, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнесті жүргізу мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында "Әзіл BATTLE" сайысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі