13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Рахманұлы 70 жасқа толды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ақсақалды мерейлі мерекесімен құттықтап, ілтипат көрсетті.
Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиында шаһар басшысы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арыс қаласының «Құрметті азаматы» Тәңірберген Рахманұлының қала дамуына қосқан сүбелі үлесін тілге тиек етіп, ардагерлердің қоғамдағы орны мен белсенділігін жоғары бағалады.

– Тәңірберген Рахманұлы, Сіз мемлекетіміздің экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етіп, Арыс қаласының дамуы жолында жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Бүгінде Арыс қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы қызметін жауапкершілікпен, тиянақтылықпен атқарып келесіз. Ардагерлер ұйымы халқымыздың құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне белсене атсалысып отыр. Бұл жұмыстарды одан әрі жоғары дәрежеде үйлестіретініңізді білемін. Бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Мерейтой иесіне арналған кездесуде шаһар басшысы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Рахманұлына еліміздің әлеуметтік дамуына мол үлес қосып, қоғам өміріне сіңірген еңбектері үшін Түркістан облысы, «Еңбек құрметі» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» медалін табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Кездесу соңында Тәңірберген Әсіл көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің бірлігі мен тұрақтылығы жолында іргелі істерді жалғастыруда Ардагерлер кеңесінің белсенді жұмыс жүргізетінін тілге тиек етті.

Шын мәнінде, жастар – ел болашағы десек, сол жастарды соқпағы көп өмірге дайындауда ақсақалдардың үлесі мол. Дін мен дәстүрді жаңғыртып, жастарды жат діни ағымдар мен түрлі зиянды әрекеттерден қайтаруда, олардың Отанға, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятуда көпті көрген қариялардың орны ерекше деп айтар едік.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕТІСТІГІ: «I-QALA» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі