13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Футболдан Қазақстан біріншілігінің Екінші лигасында өнер көрсеткен «Арыс» футбол командасы өткен маусымды жақсы нәтижемен аяқтады. Енді олар 2023 жылдан бастап Түркістан облысының намысын Бірінші лига клубтары қатарында қорғайтын болады. Команда өткен жылдың наурыз айында ғана құрылғанын есептесек, бұл үлкен жетістік.

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова «Арыс» футбол клубы директоры Ерғазы Медетбековты қабылдап, спортшыларымыз биылғы маусымда да жеңісті жолды жалғастырып, жүлдегерлер қатарынан көрінеді деген сенім білдірді. Өз кезегінде команда директоры көрсетілген барлық қолдау шаралары үшін қала әкіміне алғыс білдіріп, алға қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерлерін жұмсап, үміт пен сенім үдесінен шығуға тырысатындарын жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкіміне Қазақстан футбол одағының президенті Әділет Бәрменқұловтың футбол саласының өсіп-өркендеуіне мол еңбек сіңіргені үшін «Қазақстан футбол федерациясына – 30 жыл» төсбелгісін табыс етті. Білікті бапкерлер мен футбол саласының мықты мамандары жаттықтыратын «Арыс» футбол командасына жаңа маусымда сәттілік серік болғай.

Еске салсақ, «Костуин» әуесқой клубы 2002 жылы құрылып, бір жылдан кейін кәсіпқойлар қатарына қосылды. 2004 жылы «Арыс» болып аталып, алайда маусым соңында команда тарап кетті.2018 жылы «Арыс» қайта жанданып, 2019 жылы екінші лигада өнер көрсетті. Өткен маусымның қорытындысы бойынша бірінші лигаға жолдама алды.Осылайша «Арыс» клубы бірінші лига клуб қатарында Түркістан облысының намысын қорғамақ.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту жұмысыда қарқынды. Жұмыстан бір мезет бойды сергітіп, спортпен шұғылдану әрбір тұрғын үшін өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері арасында спартакиада, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері, құқық қорғау қызметкерлері арасында жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылады. 2022 жылы Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін Бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар қатысып, шеберліктерін көрсетті. Аса тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3-алтын, 3-күміс, 1-қола медалді иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған Кубоктар мен дипломдармен марапатталды.

Previous Post

ТӨЛЕБИ:ХАЛЫҚ ӘРТІСІ БИКЕН РИМОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі