13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ:ХАЛЫҚ ӘРТІСІ БИКЕН РИМОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ:ХАЛЫҚ ӘРТІСІ БИКЕН РИМОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Жеңіс кітапханасында Қазақтың халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай «Сахна өмір айнасы» атты саз сабағы ұйымдастырылды. шараның мақсаты өмірін қазақ кино және театр өнерінің дамуы мен өркендеуіне арнаған Бикен Римованың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, жастарды өнер саласын терең түсінуге шақыру болып табылады. Бұдан өзге, Әңғірата ауылдық кітапханасында“Қазақ сахнасының саңлағы” Бикен Римованың 100 жылдығы на орай көрме таныстырылымы өткен еді.

Киелі сахнада 80-ге жуық рөлді сомдаған ол, қалың көрерменнің есінде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, «Қарагөзіндегі» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасындағы» Жер-ана және «Ақ кемедегі» Кемпір, тағы басқа кейіпкерлер арқылы қалды. Бұдан бөлек, кино саласында 20-дан астам туындыға түсті. Сондай-ақ, 100-ден астам шетелдік фильмдерді қазақ тілінде сөйлетті.

Айта кетерлігі, ұлы актриса Бикен апамыздың туғанына биыл 100 жыл толады.Бикен Римова өмірінің 60 жылын театр өнеріне арнады. Сахнада 80-ге жуық кейіпкерді асқан шеберлікпен сомдап шықты. 20 дан астам фильмге түсіп, қазақ киноиндустриясының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол мықты драматург ретінде де мойындалған тұлға. Қаламынан туындаған «Абай-Әйгерім» және «Қос мұңлық» пьесасы көрермендердің сүйікті туындыларының бірі.

Оның айрықша рөлдерінің бірі — Қорлан бейнесі. Осы рөлді сомдау барысында Қорлан аруға ес-түссіз ғашық болған Естайдың әнін орындаған еді. Жетпіске қараған шағында Бикен Римова театр сахнасымен қоштасқан кезде осы әнді шырқаған.

Ол «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Шабандоз қыз», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясына түсті. Бикен Римова 1966 жылы қазақ театры өнеріндегі ерен еңбегі үшін Қазақ ССР Халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағын иеленді. Сондай-ақ, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Құрмет белгісі» және «Парасат» орденімен марапатталған. Оған қоса, Алматыда Бикен Римова атында көше мен Талдықорған қаласында театр бар.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ БІРІНШІ ЛИГАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі