13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Әзіл BATTLE» сайысы өтті

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Әзіл BATTLE» сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Өнер бәйгесіне елімізге белгілі командалар қатысты. «Түркістан Оқушылар сарайында» жайдарманшылар арасында «Әзіл BATTLE TURKESTAN» өнер сайысы өтті. Бүгін «Түркістан Оқушылар сарайында» жайдарманшылар арасында «Әзіл BATTLE TURKESTAN» өнер сайысы өтті. Өнер бәйгесіне елімізге белгілі «Абырой», «Жаңақорған», ХҚТУ құрамалары, сонымен қатар, Түркістан блогерлері, «Азарт» сериалының актёрлары мен «Оқушылар сарайы» жайдарман академиясы қатысты. Шараның басты мақсаты — өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойында мәдениеттілік, рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, сондай-ақ дарынды жастарға қолдау көрсету. Сондай-ақ, жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасын нығайту. Оларды ізденіске үйретіп, шығармашылығын шыңдау.

Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Бұл байқау тек сәлемдесу сайысынан тұрады.

Мекеме директоры Индира Икапова қатысушыларға сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді. «Бүгін бізде өте керемет күн. Бар жанарды жаулаған «Әзіл BATTLE» сайысында өнер көрсететін елімізге танымал әзіл әлемінің өкілдері көрерменге көтеріңкі көңіл күй сылайды деп сенемін. Сонымен бірге, әзіл арқылы әсерлі ой тастап, жас жеткіншектердің шығармашылығын шыңдауға, шабыттандыруға себеп болғалы тұр. Бұл — біздің ұжымның да негізгі мақсаты. Сондықтан «Оқушылар сарайының» сахнасына көтерілген әрбір өнерпаз бен көрермендерге алғыс айтамын. Әрбір күніміз сәтті, қуанышқа толы болсын!», — деді Индира Сарқытқызы өз сөзінде.

Әзіл жекпе-жегіне түркістандық айтыс ақтаңгері, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер Тұрар Тлеулиев, жайдарман ойындарының ардагері Жанболат Досболов сынды азаматтар қазылық етті. Сайыс нәтижесімен «Абырой» командасы бас жүлдеге қол жеткізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕТІСТІГІ: «I-QALA» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

Next Post

КЕЛЕС: АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі