13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

17 января, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске асады. Жобаның мақсаты – ауыл халқын қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тиімділігі, жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Орташа несие көлемі 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкеркер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Келес аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.

Мадияр Күмісбекұлы өз баяндамасында қаржыландыру бағыттарына тоқталып, ауыл, ауылдық округі әкімдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек. Өз кезегінде аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жобаның тиімділігі бойынша ауылдық елді мекендерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті шаруалардың жағдайын едәуір жақсартуға жұмыс жүргізу керектігін айтып, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында аудан аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары туралы, ауданның 2022 жылғы бюджетінің орындалу барысы туралы мәселелер қаралып, нәтижелері бойынша бөлім басшылары баяндады. Көтерілген өзекті мәселелер назарға алынып, орындалуы бақылауға қойылды.
Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында "Әзіл BATTLE" сайысы өтті

Next Post

ЖЕТІСАЙ: ЖАС КӘСІПКЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі