13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: «Ерлігі — ел есінде» атты танымдық кеш өтті

16 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ: «Ерлігі — ел есінде» атты танымдық кеш өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қаржан ауылдық кітапханасында әскери қолбасшы, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ерлігі — ел есінде» атты танымдық кеші өткізілді. Оқушылар даңқты батырды дәріптеді. Рухани шараның басты мақсаты, Панфиловтың ерлігі мен батырлығынан оқырмандарға мағлұмат беру, бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Отанды сүюге тəрбиелеу.

Иван Панфилов Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері, 1941 жылғы маусымда Алматыда 316-атқыштар дивизиясын құрды. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы осы дивизияның батальон командирі болды. Дәл осы дивизия 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбінде, Волоколамск бағытында жаумен шайқасып, фашистерді тойтарды. Ал Панфиловтың өзі шайқаста қаза болды. Мәскеудегі «Новодевичий» зиратында жерленді. 1942 жылы сәуірде Панфиловқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Генерал қаза болған Гусенево ауылында ескерткіш орнатылды. Оның есімі Қазақстанның, Қыр­ғызстанның, Беларусьтің және Ресейдің әртүрлі қалаларындағы көше мен мектеп атауларына берілді. Астанада да Иван Панфилов көшесі бар. Қазақстанда Жетісу облысының құрамында және Қырғызстанда Шу облысында Панфилов ауданы бар.

Иван Панфилов ескерткіші Бішкекте тұрғызылды. Астанадағы «Жерұйық» саябағында да 2015 жылдың 7 мамырында Жеңістің 70 жылдығына орай қоладан құйылған ескерткіші ашылды. Оның биіктігі – 2,5 метр. Авторы – Ренат Әбенов. Ескерткіштің шығыс жағында аллеяның бойында табиғи граниттен 28 жауынгер-панфиловшының аттары, туған жылдары мен қаза тапқан күндері жазылған ескерткіш-тақта мен стелла орнатылды.

Шара аясында оқырмандар сұрақтарына жауап алып, батырдың өмірі туралы бірқатар ақпаратқа қанық болды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖӘНЕ ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: "Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді" әдеби жобасы ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі