13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» әдеби жобасы ұйымдастырылды

16 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» әдеби жобасы ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Алтайдың асқақ жыршысы атанған жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Атбұлақ ауылдық кітапханасында жазушының 80 жылдығына орай «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Шараның басты мақсаты белгілі жазушы – драматург Оралхан Бөкей шығармашылығымен таныстырып, «Қар қызы» повесі туралы мағұлмат беру. Жазушы повесінің негізгі идеясы мен көркемдік ерекшелігін талдай отырып, қаламгердің өзіндік шеберлігін таныту.

Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды.

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті. Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін айтады екен. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін», – деген екен. Иә, асқақ арман, үкілі үміт өшпеді. Алла ақ тілекті, ақ ниетті қабыл алды.

Өр Алтайдың өр де өжет ұлы мақсатына жетті. Қаламгер атанды. Қатардағы емес, әрине. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерді. Сөйтіп Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Осылайша, Ару Алтай мен Оралхан есімі қазақ әдебиетінде қатар астасып қала берді. Тарих сахнасы мұны ешқашан жоққа шығара алмайды.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: "Ерлігі - ел есінде" атты танымдық кеш өтті

Next Post

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі