13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖӘНЕ ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

16 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖӘНЕ ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара қаласында армрестлингтен және гір тасын көтеруден ересектер, жастар, жасөспірімдер және жас жеткіншектер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев «Қол күрес спорты өңірімізге келгелі бері үлкен нәтижелерді көрсетіп, әлемдік деңгейге көтерілді. Осы орайда «Шардара Армспорт спорт» клубының негізін қалаған Арман Қарсыбаевқа алғысым шексіз» дей келе, барша жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Түркістан облысы бойынша гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев бұл чемпионат 2023 жылғы Республикалық, Әлемдік жарыстардың алдындағы алғашқы баспалдақ екендігін айтты. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен бірқатар спортшыларға Қол күресінен «ҚР спорт шебері» куәлігі табысталды. Сондай-ақ, Түркістан облыстық гір спорты және армрестлинг федерациясының арнайы төсбелгісімен бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

Сайыста Түркістан облысының 500-ге жуық спортшысы бақ сынады. Нәтижесінде командалық есепте I орынды Шардара ауданы, II орынды Созақ ауданы және III орынды Түлкібас ауданы иеленді.
Айта кетсек, 2022 жылы Түркістан облысының спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарына қатысып, 858 медальға (353 алтын, 233 күміс және 272 қола медальға) ие болды. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында 118 алтын 49 күміс және 35 қола медальге қол жеткізді. Осы уақыт аралығында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 100-ден астам медаль ұтты.

Түркістан облысында спорттың 59 түрі дамытылуда. Облыста жалпы 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Онда 2,5 мыңға жуық жаттықтырушы 60 мыңға жуық балаға дәріс береді. Жыл қорытындысымен облыс аумағында 2271 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 300 мыңнан астам адам қатысқан. Басым бөлігі ауылдық жерлерде ұйымдастырылған.

Previous Post

Шымкент : Еңбекші ауданының инфрақұрылым жүйесі жоғары деңгейде дамиды

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ: "Ерлігі - ел есінде" атты танымдық кеш өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі