13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫСТА «KHAN» ОТБАСЫЛЫҚ ОЙЫН — САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

15 января, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫСТА «KHAN» ОТБАСЫЛЫҚ ОЙЫН — САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында алғаш рет отбасылық ойын-сауық кешені ашылды.Кешеннің ашылуы тұрғындар үшін таптырмас сый болды. Себебі «KHAN» ойын сауық орталығында тамақтанумен қатар караоке залы, сондай-ақ балалар үшін тиімді уақыт өткізуге арналған ойын алаңдары бар.

«KHAN» отбасылық ойын сауық орталығының ашылуына қала тұрғындарымен бірге қала әкімінің орынбасарлары Ерғали Омарұлы мен Алмаз Советұлы арнайы қатысты.

Жаңа ғимараттың ашылумен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы орталықтың ашылуы қаладағы қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деген сенім білдірді.

Айта кетейік, заманауи ойын-сауық кешенінің бірінші қабатында қонақтарға арналған ыңғайлы дәмхана орналасқан. Ал, екінші қабат балаларға арналған заманауи батут орталығымен қамтылған.

Арыстық жеке кәсіпкер бүгінгі таңда 30-дан астам жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Айта кетсек, өткен жылы Арыста «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ашылған еді. Арыс қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ашылған орталыққа келгендер кітап оқу залында еркін тақырыпта ізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Спорт бұрышында физикалық дене жаттығуларын жасайды. Сонымен қатар, қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйлар жасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел тенисінде бір сәт көңіл сергітеді.Сондай-ақ мұнда йога орталығы да жұмыс істейді. Оған қоса, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін ойнап, үйренуге барлық жағдай жасалған. Мамандардың айтуынша, орталық ашылғалы бері 3 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген.

Бұдан өзге, ардагерлерімізге құрмет көрсету, оларға жағдай жасау мақсатында, 2021 жылы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен ашылған орталық бүгінде қала ақсақалдарының сүйікті демалыс орнына айналған. Бұл орталықта қариялар спортпен шұғылданып, тұз шахтасының, сенсорлық бөлме мен интернет-кафе, йога, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы ойынын ойнап, массаж, кітапхана қызметін тегін пайдаланады.

Previous Post

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕР 30 ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

Next Post

Сарбаз туралы ресми хабарлама

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі