13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕР 30 ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

15 января, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕР 30 ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыстық азамат 4 ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасап, ел алғысына бөленді. Жеке кәсіпкер Олжас Сансызбайұлының бастамасымен жергілікті белсенді жігіттер тұрмысы төмен әрі көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қол ұшын созды.

Атап айтқанда, 7 тонна көмір қапталып, 30 отбасы мен 2 мешітке тегін таратылды. Сондай-ақ, 40 қап ұн көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған жандардың үйіне жеткізіліп, ондаған ананың көңіліне қуаныш, ұл-қыздардың жүзіне күлкі сыйлады.

Адам баласының жанын жадырататын мұндай шарадан дін өкілдері де шет қалмай, Ақдала, Дермене, Еңбекші елді мекенінің белсенді жастары да бір кісідей атсалысқан. Жақсылық жасауда жарысатын арыстық кәсіпкерлер бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатынын айтады. Ал ауыл тұрғындары болса, естігенде елең еткізетін, жұма күнгі мұндай шараны дәстүрге айналдыруға атсалысамыз дейді.

Айта кетейік, Олжас Сансызбайұлы бұдан да бөлек қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Ақдала ауылында халыққа тұрақты түрде қызмет ұсынатын қоғамдық монша ашқан кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарына монша қызметін тегін ұсынып, ауыл тұрғындарының алғысына ие болған. Сондай-ақ, Арыс қаласында осы аптада табиғат тосын мінез танытып, қалың қар түсті. Қар тазалау әсіресе жалғызілікті, мүгедектігі бар қарияларды әбігерге салатыны анық. Осы ретте Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері ауылдық округтердегі қарттардың ауласын тазалауға қол ұшын созды. Мектеп оқушыларынан бастап жасы ересек азаматтарға дейінгі еріктілер ауылдардағы ардагерлерге, зейнет жасындағы және жалғыз басты қарттар мен аналарға қолдан келген көмектерін ұсынды.

Байырқұм, ауылының жігерлі жастары жалғызбасты ананың ауласын қардан тазалап, отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем етіп батасын алды. Дәл осындай қайырымдылық шарасы Дермене, Жиделі, Монтайтас ауылдарында да жалғасын тапты. Игі істен Ақдала еріктілері де қалыс қалмады. Олар ауыл ақсақалы Баянбай Рахымбердиевтің үй іргесін қардан аршып, қолғабыс етті.
Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды. «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Next Post

АРЫСТА «KHAN» ОТБАСЫЛЫҚ ОЙЫН - САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі