13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

15 января, 2023
in Uncategorized
0
САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы орталығындағы «Қайрат» спорт кешенінде аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Сембекұлы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдық мерейтойына және Тәуелсіздігі күніне арналған мүгедектігі бар толық немесе жартылай көзі көрмейтін азаматтар арасында өткен спорттық жарысқа қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Бахытбек Сембекұлы барша қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

— Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған спорттық сайысқа қош келдіңіздер. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы деп білемін. Бүгінгі таңда мүгедектігі бар жандардың денсаулығын сақтау, білім алу, жұмыспен қамту, қоғам өміріне толыққанды араласу мақсатында ауданымыз белсенді жұмыс жасап келеді. Ауданымызда жыл сайын ерекше жандардың қатысуымен көптеген мерекелік концерттер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Соның бірі бүгінгі облыстық деңгейде өтіп жатқан спорттық сайысымыз. Осы жарысқа аудандардан келген белсенді азаматтарымыз арнайы атбасын бұрып, спорттық шараға қатысу үшін келіп отыр. Спортты жанына серік еткен ерекше жандар қашан да құрметке лайықты. Алдағы уақытта бағындырар биіктеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын! Барша сайысқа қатушыларға сәттілік тілей отырып, жарысымызды ашық деп жариялаймын,- деді ол.

Спорттық сайысқа Сайрам ауданымен қатар, көршілес Төле би және Түлкібас, сонымен қатар Жетісай және Мақтаарал аудандарынан 30-дан аса қатысушы келіп, бақ сынады. Олар спорттың кір тасын көтеру, қол күресі, дойбы және шахмат түрлерінен сайысты. Түркістан облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Жанаев, Сайрам аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Каримшиков, Төле би аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Жанаев, Жетісай аудандық қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Бахтияр және Түлкібас аудандық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Абильдаева арнайы келіп, өз жерлестеріне қолдау білдіріп, жанкүйер болды. Жарыстың қорытындысымен үздік спортшылар жүлделі орындардан көрініп, олар арнайы диплом мен сыйлықтармен марапатталса, қалғандарына ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шарадан кейін мүгедектігі бар толық немесе жартылай көзі көрмейтін азаматтар қонақтармен бірге дастархан басында бас қосып, қуанышты сезімдерімен бөлісті. Сөз кезегінде ұйымдастырушылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нурлан Өмірбекұлы Сарыбеков және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади Нурлыбаевтарға алғыстарын айтты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ерекше жандар өнерлерін ортаға салып, бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлады.
Алдағы уақытта қамкөңіл жандарды қолдап, оларға барынша сый-құрмет көрсетуге бағытталған спорттық және мәдени іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖҮЗ ЖАСАҒАН АҚСАҚАЛҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕР 30 ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі