13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА

13 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙДА НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде тапсырмалары сапалы орындалуы тиіс. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапармен барып, аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды қадағалады.

Бірнеше кәсіпорын мен нысанды аралап, жергілікті басшыларға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі мен игіліктерін тұрғындарға түсіндіруді, оларға көмектесуді тапсырды. Жаңа жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты.

– Елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын реттестірумен бірге, ауыл тұрғындарын жұ­мыспен қамту, табыс көзін қалыптастыру қатар жүруі керек. Бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық беріледі. Осы екі бағытты бір-бірінен бөлуге болмайды,– деді облыс әкімі.

Сапар барысында облыс әкімі Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан медицина орталығында болды. «Қыдыр ата» медициналық орталығы күніне 100 азаматқа дейін қызмет көрсетеді.үркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Күлпаршын» базарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын пысықтады.

Құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берді. Базар иесі мен кәсіпкерлермен кездесіп, әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде өзекті мәселелер қозғалды. Жеке нысандағы өрттен кейін 400 адамға 700 млн. теңге бөлінген. Саудагерлер қосымша қаражат сұрады. Мәселе қарастырылады.

Жаңа сауда орталығы жақын күндері жұмысын бастайды. Сауда орны жұмысын қайта бастаған соң ондағы кәсіпкерлер 1 жыл тегін отырады. Сондай-ақ салық органдарымен бірлесіп, салық төлеу мәселесі де қарастырылды. Бұдан өзге банктер және кредиттік ұйымдармен кәсіпкерлердің несиесін төлеуде кем дегенде бір жылға каникул алуға келіссөз жүргізілді. Кездесуде саудагерлер 160 адамға қосымша көмек сұрады.

– Қосымша көмек мәселесін шешуге күш саламыз. Басты мәселе – зардап шеккендер көмексіз қалған жоқ. Қосымша тағы көмек болады. Бұл жағын заң аясында қарастырып көреміз. Жалпы жекеменшік кәсіпкерлердің шаруасына әкімдік араласа алмайды. Бірақ соған қарамастан, тұрғындар табасынан айрылмау үшін, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұған сіздер түсіністікпен қарауларыңыз керек, – деді облыс әкімі.

Зардап шеккен кәсіпкерлердің басым бөлігі басқа сауда орындарына уақытша орналастырылған. Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жалғасуда.

Previous Post

ОТЫРАР: "ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия мүшелері жүргізген экспедициясы нәтижелі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі