13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

13 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: «ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік және ана тілін білуге арналған «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау болды.

Іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймырзаев пен аудандық тілдерді дамыту орталығының директоры Бағлан Жаппаров ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Тілді дамыту әрбір елдің мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Ана тіліміз бізге ата-бабамыздан қалған асыл мұра, оны келер ұрпаққа жеткізу қасиетін ұғындыру біздің міндетіміз. Соның ішінде өзге ұлт өкілдері арасында біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту негізгі міндеттердің бірі. Өздеріңізге белгілі 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі көтерілді. 1992 жылы 30 тамызда Ата заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды. 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Шындығында тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын халықтың рухы. Сондықтан бүгінгі байқау тіл саясатын тиімді жүргізудің басым бағыттарының бірі деп санаймын,- деді Е.Жаймырзаев өз сөзінде.

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар бойынша «Қазақ тілін үйренудің өзіндік ерекше тәсілдері» тақырыбы аясында диктант жазып, мемлекеттік тілді білуге байланысты өз білімдерін сынады. Сайыстың екінші кезеңінде «Ой жарыс» яғни, салт-дәстүрге, әдебиет пен мәдениетке қатысты сұрақтарға жауап берді.
Ал, үшінші кезең «Тіл бірлігі – мен ана тілін, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді білемін» тақырыбы бойынша өздері туралы және тілдерді білу арқасында қандай жетістіктерге жеткені туралы әнгімелеп беріп, қазақтан шыққан ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Байқау соңында қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Байқау нәтижесінде мемлекетік тілді білуге деген ынта-жігері мен жоғары білім деңгейін көрсеткен Лидия Клименко үшінші орын иегері атанса, Венера Сидабдураманова екінші орынға лайықты деп танылды. Ал, барлық кезеңдерден сүрінбей өткен Таня Петрякова бірінші орын иегері атанды. Шара соңында сайысқа қатысушы барлық үміткерлер мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсіп, тарқасты.

Previous Post

ОТЫРАР АУДАНЫ: ДҮКЕННІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Next Post

ЖЕТІСАЙДА НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі