13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫ: ДҮКЕННІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

13 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР АУДАНЫ: ДҮКЕННІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы орталығындағы «Бапалай ата» құрылыс заттар дүкені бірнеше жылдардан бері халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатыр. Үй немесе басқа да жай саламын немесе жөндеймін деген азаматтардың ыстық ықыласына бөленген кәсіп иелері әрқашан көңілге қонымды, тұрақты бағада сауда жасауды басты назарда ұстайды.

Аудан орталығынан 2016 жылы ашылып, халыққа қызмет етіп келе жатқан «Бапалай ата» құрылыс дүкенінің жанына салынған жаңа да зәулім ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Оралбай сөз сөйлеп, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіп иелеріне ризашылығын білдірді.

— Бапалай ата құрылыс заттар дүкенімен аудан тұрғындарын құрылыс заттармен қамтамасыз етудесіз. Бүгінде өз ісіңіздің өрісін кеңейтіп, құрылыс дүкенінің жанына тағы да дүкен ашып, 10 ауыл азаматын жұмыспен қамтып отырсыздар. Ендеше халыққа қызмет етіп, берекелі істің көзін тауып, ісіңіздің одан әрі алға баса беретініне сенімдімін- деп ізгі тілегін білдірді.

Алғашқы кәсіптерін кішкене дүкен ашудан бастаған еңбекқор жандар ешқашан тынымды тірлік жасаудан бас тартқан емес Құрылыс заттардың бағасына емес сапасына көңіл бөлу арқылы тұрғындардың көңілінен шығып отырған кәсіп иесі былай дейді:

— Әр істің табысынан бөлек қиыншылығы да бар. Бизнесті дамыту үшін қиыншылыққа бой бермей, төзімділік пен еңбекқорлық танытып ғана табысқа жете аласыздар. Барша жиынға қатысушыларға қызметтеріңіз жемісті, кәсіптеріңіз табысты болуын тілеймін, — деп жиналған жұртшылыққа алғысын жеткізді.

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе бұл мемлекеттің экономикалық әлеуеті артатынын әлдеқашан түсінген. Елімізде де соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда. Бұл жобалардың нәтижесі соңғы кездері киелі ауданымызда да көрініс беріп келеді. Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов аудан халқымен кездесулерінде экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы үнемі айтып, халықты кәсіппен айналысып, еңбектенуге шақыруды естен шығарған емес.

Қазіргі таңда Отырар ауданында шағын орта бизнес саласында 12 шағын өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. Соның ішінде шұбат өңдіру бойынша 4 кәсіпорын, Сүт және ет өндіру ісі бойынша 1, Тары өңдіру бойынша 3, Жүгері өңдіру бойынша 2, Құс шаруашылығы бойынша 2 және пластиктен есік терезе өңдіру мен үй жиһаздарын өңдіру кәсіпорындары тіркелген.

Previous Post

Шымкентте 40-тан аса көп қабатты үй қайтарымсыз негізде жөнделді

Next Post

ОТЫРАР: "ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі