13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия мүшелері жүргізген экспедициясы нәтижелі

13 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия мүшелері жүргізген экспедициясы нәтижелі
Share on FacebookShare on Twitter

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің профессор-оқытушы құрамынан фил.ғ.д., профессор Досай Кенжатай, т.ғ.д., профессор Тұрсұн Хазретәлі, фил.ғ.к., доцент Сержан Оразбай бастаған Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның бағыт бойынша топ жетекшілері Түркістан облысы, Созақ ауданына экспедицияға шыққан болатын. Жұмысшы топтың Созақ жеріне экспедицияға шығудағы мақсаты — 1930 жылдың 7-16 ақпан аралығында болған Созақ көтерілісіне қатысты тың деректерді ғылыми негізде талдау үшін айтылған тарих негізінде жинақтап қайту болатын. Сонымен қатар, комиссия жұмысының қорытынды есебінде тарихи маңызы бар және мемлекеттік қорғауға алынуға қажетті жерлер жөнінде ұсыныс дайындау болатын.
Бұл сапарда, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану музейінде болып, зерттеу тақырыбы аясында деректер жинақталды. Музейде ортағасырдағы жәдігерлер, қазан төңкерісіне дейінгі жергілікті халықтың тұтынған заттары, балбал тастар, жергілікті күйші, ақын-жазушылардың құнды дүниелері, Төлеген Момбековтың, Дина Нұрпейсованың ұстаған қара домбырасы, ел Тәуелсіздігінен, аудан тарихынан сыр шертетін мұралармен танысып қайтты.
Айта өтсек, аяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті басқа да шығыстарға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, құжаттар мен мақалалар жинағы, монография, архивтік құжаттар жинағы жылдың соңына дейін жарыққа шығады деп жоспарланған. Осыған байланысты, бүгінгі комиссия отырысына жұмысшы топтың зерттеу жұмыстарының нәтижесімен жинақталған 6 жинақ, 1 тізім және 1 монографияны баспаға шығаруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, жұмысшы топпен өңірлік комиссияның қарауына облыстық архивтегі ашық және жабық қор құжаттары негізінде дайындалған, нұсқаулықта көрсетілген баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар және Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінде құрылған жұмыс тобы дайындаған Сыр-Дария округіндегі мал-мүлкі тәркіленген бай-кулактар тізімі ұсынылды. Жалпы алғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 2085 адам, мал-мүлкі тәркіленген 3090 бай-кулак, Бостандық көтерілісіне қатысқандардың 32 адамның тізімі толық ақтауға ұсынылатындар ретінде комиссия қарауына шығарылды.

Previous Post

ЖЕТІСАЙДА НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР ҚАТАРЫ АРТУДА

Next Post

СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі