13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

14 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Түркістан облысы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, Түркістан облысынан таңдаушы ретінде тіркелген 317 мәслихат депутатының 278-і дауыс беру бойынша бірлескен отырыста таңдау жасады. Ал, 39 депутат белгілі себептерге байланысты қатыса алмады.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, екі үміткердің ішінен Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек ең көп дауыс жинаған. Оның кандидатурасын 200 таңдаушы қолдаған. Ал екінші үміткер – Ақмұратов Мирамбек Жамаділұлына 69 адам дауыс берген. 7 таңдаушы бәріне қарсымын бөлігін белгілесе, 2 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Сайлауда жеңіске жеткен Қадырбек Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Арыс қаласының әкімі лауазымдарында еңбек етті. Бүгінгі күнге дейін Жетісай ауданының әкімі қызметін атқарып келді. 2022 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер ретінде өзін өзі ұсынған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді. Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген. Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды. Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия мүшелері жүргізген экспедициясы нәтижелі

Next Post

ОТЫРАР: ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК - ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі