13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

14 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ынтымағы пен бірлігі жарасқан елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Олар бүгінгідей бейбіт күнде өздерін панасына алып, қиындықта қорған болған қазақ халқымен бірге біте қайнасып, тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Бүгінде Отырар ауданында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Қ.Мұңайтпасов спорттық сауықтыру орталығында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Спорттық шараның мақсаты достық пен татулықты нығайту, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру сондай-ақ, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Мәні мен маңызы зор шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, ел бірлігін, ұлттардың татулығын дәріптеп жүрген аудан тұрғындарына шынайы ризашылығын айтты. Сайыстың жеңімпаздарын марапаттап, турнир кубогын табыстады.

— Бірлік бұл – босағаңнан татулық пен ізгіліктің ертелі-кеш үзілмеуі. Бірлік болған жерде ұдайы тірлік болады. Адам баласының берекесі артып, тоқшылықта өмір сүруіне бірліктің берер үлесі мол. Татулықтың тамыры тыныштық болған жерде тереңге жайылады, ел ішінде тұрақтылық орнайды. ЬІнтымақ қайда болса, ырыс сонда барамын депті. Төбесінен қара бұлт төнген кейбір елдерге қарап, біздегі тыныштық пен бірліктің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады,-деген аудан әкімінің орынбасары бірлікті, достықты ту еткен сайыстың үздік ойыншыларына арнайы сыйлықтар табыстады.
Ойын қорытындысы бойынша БЖСМ жастар командасы жүлделі үшінші орын иегері атанса, «Шахтер» командасы екінші орынды қанжығасына байлады. Барлық ойында жеңілмей финалдық кездесуде де үздік ойын өрнегін көрсеткен 2 БЖСМ командасы 1 орын иеленді командасы турнир кубогына ие болды. Ал, допқа иелік ету әдісі мен қарсыластар командасына соққан голдар саны бойынша көзге түскен Колесников Константин тартысқа толы ойынның «Үздік ойыншысы» атанды.

Previous Post

СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Next Post

БӘЙДІБЕК: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі