13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14 января, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуына орай «Ардагерлер — ардағым» атты іс-шара өтті. Бәйдібек ауданының барлық өңірінен келген еңбек ардагерлеріне арнайы әзірленген бейнеқойылым көрсетілуден бастау алды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай қоғамдық бірлестіктің ауданда атқарған жоспарлы жұмыстары мен жетістіктерін баяндады.

Мәдениет үйінде өткен іс шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестері мен белсенді қоғамдық қызметтері үшін аудан ардагерлеріне алғысын білдіріп, құрмет көрсетілді.

Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, Аманат партиясының аудандық филиалының атқарушы хатышысы Ақбала Құлымбет «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтап, аудандық мәслихат пен партияның алғыс хаттарын табыс етті.

Шалдар ауылы өнерпаздарының «Кешірші мені, Ана!», Жамбыл ауылдық ардагерлер кеңесінің өнерпаздарының «Анамды меккеге апарамын» қойылымы көрсеттілді.
Мерекелік кеште С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің «Саз отау» ұлт-аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Шарада аудан ардагерлерінің де арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында аға буынға қолдау көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Түркістан облысында 180 мыңға жуық зейнет жасындағы қарттарымыз бар. Олар қоғамды дамыту жолында үлес қоса білді. Түркістан облысын құру жөніндегі жарлықтың шыққанына 4 жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт көлемінде өңірімізде ауқымды жобалар қолға алынды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірақ жылдар бойы кезең-кезеңімен жалғасатын ең маңызды жұмыс бар. Ол – руханият. Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымы осы мақсатта жемісті еңбек етіп жүр.
Айта кетсек, 1987 жылы Алматыдағы құрылтай аясында Қазақстанның ардагерлер ұйымы құрылған болатын. Биыл еліміздегі ең үлкен әрі аса маңызды қоғамдық бірлестіктің құрылғанына 36 жыл толады. Ұйымның негізгі мақсаты – ардагерлердің құқықтарын қорғау, лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге ықпал жасау, оларға мәдени, медициналық және басқа да көмек түрлерін жақсартуға жәрдемдесу, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.

Previous Post

ОТЫРАР: ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК - ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі