13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЛАГЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЛАГЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қысқы демалысын Түркістан облысы Төлеби ауданында өткізіп жатқан екібастұздық мектеп оқушыларына бүгін волейболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысын дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Жанызақов Дулат Қайратұлы және Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қалықұл Әлиасқар Әбдіқұлұлы қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған дипломдары табысталды.

Балалар 4 командаға бөлініп, 40 — қа жуық балалар қатысып. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды Алатау командасы иеленсе, 2 орынды Бәйшешек командасына бұйырды. Ал 3 орынды Біркөлік командасына бұйырды.

Еске салсақ, екібастұздық 50 мектеп оқушысы Төлеби ауданындағы “Бәйшешек” спорттық-сауықтыру кешеніне орналастырылған болатын. Балалар бағдарламаға сәйкес түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысуда. Атап айтқанда, тау баурайында таза ауада серуендеу, спорттық жаттығулар жасау, би кеші сынды қызықты шаралар өткізілуде. Сондай-ақ алдағы күндері түрлі тақырыптағы тренингтерге қатыстыру жоспарлануда. Қысқы демалысын Түркістан облысында өткізіп жатқан екібастұздық мектеп оқушыларына бүгін спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға «Jastar ruhy” ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман, «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов және аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Ескулов Пердебек Сержанұлы және қызметкерлері қатысты.

Балалар 4 командаға бөлініп, 5 кезең бойы спорттың әр түрінен жарысты. Топ жарған 3 команда марапатқа ие болды. 3-орынды “Қайнар” тобы иеленсе, 2-орын “Алатау” командасына бұйырды. Ал “Біркөлік” тобы жүзден жүйрік атанып 1-орыннан көрінді. Сондай-ақ 4-ші топ “Бәйшешек” ұжымына “Үздік талпыныс” номинациясы табысталды. Ж.Жұманның айтуынша, қызу бәсеке балалардың денсаулығына пайдасын тигізіп қана қоймай, балаларға серпіліс сыйлайды. Салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшынысын арттырады.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ НОМИНАЦИЯ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ: КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі