13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, аймақтағы кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген бизнестегі азаматтар марапатталды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев қатысып, бизнес өкілдерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысын жеткізіп, ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгісін, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

— Атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» деген сөзі бар. Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгелете алады. Сіздер, кәсіптеріңізді дамыта отырып, ауданымыздың кірісін молайтып, тұрғындарға жұмыс орнын ұсынып отырсыздар. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, алдағы жылдары да осындай ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істер жалғасын тауып, өздеріңізбен бірге орындалатынына біздің сеніміміз мол, деді құттықтау сөзінде Бақберген Тәңірбергенұлы.

Бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 8428-ді құрайды. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан 6100 жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша ауданнан 38 жоба қатысып, оның ішінен іріктеуден жалпы 10,0 млн теңгеге 2 жоба өтті. Жобалар жылдың соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылады.

Аудан аумағындағы кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, экономикамыздың басты тетігі болып табылатын кәсіпкерлік саласын дамыту үшін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, әкімшілік кедергілерді жою және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі кезде, ауданда аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЛАГЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ: 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі