13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ НОМИНАЦИЯ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ НОМИНАЦИЯ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қарапайым еңбек адамына құрмет көрсету қажеттігі жөнінде айтты. Осы орайда, Төлеби ауданында он жылдан астам уақыттан бері «Жыл үздіктері» номинация иелерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылуда. Жылдың қорытындысы бойынша әр сала үздіктерінің басын қосып, олардың еңбектерін үлгі етіп, атқарған жұмыстарын дәріптеу мақсатындағы салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінде өтті.

Мерекелік басқосу барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров мәдениет және руханият, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік және тағы басқа салаларда еселі еңбегімен дараланған, елімізге шынайы қызмет етіп, өз мамандығын жете меңгергендерді құттықтап, «Жыл үздігі» төсбелгісін, арнайы диплом табыс етті.

Ауданның 90 жылда жеткен жетістігіне сала мамандары ерекше үлес қосты. Барлық жеміс те, жеңіс те еңбекпен келеді. Осы орайда, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адап еңбек еткен ел-жұрттың көңілі шат» деп қандай да бір істі адал атқаруға шақырады. Ел игілілігі жолында әр сала мамандарының атқарып отырған еңбегі, қызметі маңызды. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс. Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.

Салтанатты шарада ел экономикасын, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, мәдениетін дамытуға үлес қосқандарға ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі, «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Үздіктер — өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістеріңіздің өрісін кеңейте білдіңіздер. Осы ізгі қасиеттеріңіздің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, деді құттықтау сөзінде аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті.

Previous Post

СОЗАҚТЫҚ БАЛУАНДАР ГРЭПЛИНГТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЛАГЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі