13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚТЫҚ БАЛУАНДАР ГРЭПЛИНГТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚТЫҚ БАЛУАНДАР ГРЭПЛИНГТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласында грэплингтен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған балуандар қатысып, кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде облыс, аудан намысын қорғаған жерлестеріміз тұғыр бигінен көрініп 4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені иеленіп, жарыстың жүлдегері мен жеңімпаздары атанды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ерғараев Қуандық 66 келі салмақта чемпион атанды. Жеңісті жолды Мұқаш Ұласар 84 келі, Мыңжасар Алмапысов 84 келі, Оспанов Даурен 100 келі салмақ дәрежесі бойынша тұғыр биігінен көрінді. Беркінбаев Жазылбек 100+ салмақ дәрежесінде 2 орын, Тасқынов Нағашбек 71 келі салмақта 3 орынға табан тіреді.

Грэпплинг — қару-жарақсыз қарсыластың физикалық жағдайы мен салмақ санатына қарамастан күресудің ең ұтымды әдісі. Бұл күрестің түрі самбо, дзюдо, еркін күрес және бразилиялық джиу-джитсу негізінде жасалған. Грэпплингтің техникалық арсеналы кең. Жамбасқа лақтырулар, иық пен білектегі ауырту және тұншықтыру сияқты әдістерді қолдануға болады. Тек саусақпен көзін басу және саусақтарын ауырту әдісіне алуға тыйым салынады.

Айта кетейік, 2018 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы грэпплинг қауымдастығын Ұлттық Олимпиада комитеті қауымдастық ретінде таныған болатын.Бірегей спорт түрі елімізде қарқынды даму үстінде.Федерацияның мақсаты – спорттың осы түрін әуесқойлар арасында дамыту. Қауымдастық бұл спорт түріне деген махабатты мектеп табалдырыған бастап ұялатуды көздеп отыр. Әлемдік тәжірибелерді зерттей келе Грэпплинг Қауымдастығы “Мектеп лигасы” ҚБ бірлесіп «School Grappling League» жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде «Білім — инновация» лицей базасында Астана және Қостанай қалаларында факультативті сабақтар ашылды. Осылайша, спорттық ұйым Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімінен қолдау алған болатын. Жалпы білім беру мекемелерінде тегін грэпплинг секциялары белсенді түрде ашыла бастауда.Елімізде грэпплингтің шынымен де қарқын қосқандығы байқалады. Аймақтардағы қызуғушылық күннен күнге артып келетіні де жасырын емес. ҚР Грэпплинг Қауымдастығының басты мақсаты – қазақстандықтарды ата-бабаларымыздың қалдырған ұлттық құндылықтарын сақтай отыра рухани және физикалық тұрғыда дамыту.

Previous Post

Шымкентте биыл 7500-ге жуық азамат әскери есепке тұрады

Next Post

ТӨЛЕБИ: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ НОМИНАЦИЯ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі