13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте биыл 7500-ге жуық азамат әскери есепке тұрады

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте биыл 7500-ге жуық азамат әскери есепке тұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Қаңтар айының басынан бастап қаланың жергілікті әскери басқару органдарында осы жылы 17 жасқа толатын ер-азаматтарды әскери есепке қою басталды.

Шымкент қаласы қорғаныс істері департаментінің хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінде түратын 7500-ге жуық 2006 жылы туылған ұлдар алғашқы әскери есепке алынады.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жергілікті әскери басқару органдары олардың әскери қызметке жарамдылық санатын, білім деңгейін және дене даярлығын айқындау үшін жүргізеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің өкілдері олармен әңгімелесіп, құжаттарын тексереді.

Болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы ерекше бақылауда. Олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, нәтижелері бойынша әскери есепке қойылып, шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік беріледі.

Қаланың жергілікті әскери басқару органдарында тіркеу науқаны барысында жігіттерге әскерде қызмет етудің артықшылықтары мен перспективалары, әскери бейіндегі оқу орындарына түсу ережелері туралы міндетті түрде хабардар етілетініне назар аударған жөн. Осы жылдың қаңтар айында есепке алу жұмысымен бір мезгілде әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу науқаны басталды.

Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу елімізде жыл сайын қаңтардан наурызға дейін жүргізіледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкентте «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Next Post

СОЗАҚТЫҚ БАЛУАНДАР ГРЭПЛИНГТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі