13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Қаратау өнер мектебінде «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай үшінші шаһардағы мәдениет саласының қызметкерлері мен зиялы қауыммен кездесіп осы саладағы түрлі түйіткілді мәселелерді талқылады. Сондай-ақ күн тәртібінде көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдени және зияткерлік қоғам, біртұтас, ұйымшыл ұлт және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша тармақтардың жүзеге асырылуы да ұмыт қалмады.

Жиынды «AMANAT» партиясының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Жарыссөзде мәдениет саласының майталманы Күлия Смайылханқызы театр, кітапхана саласындағы өзекті тақырыпты қозғап, ұлттық рухымызды оятататын тың дүниелер қолға алынса деген тілегін білдірді.

«Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі, журналист Бейсенкүл Нарымбетова тарихи сананы қалыптастыру үшін қазақы атауларды қайтаратын уақыт жеткенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол кішкентай бүлдіршіндер үшін қазақтілді туындылар көптеп түсірілсе екен деген ойын ашық жеткізді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов, Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова ғылым мен мәдениет жолында жүрген әріптестерінің өтініш-тілектерін жеткізді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Miras»Шымкентқоғамдық кеңес
Previous Post

СОЗАҚ: 96 ЖАСҚА КЕЛГЕН ӘЖЕЙ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Next Post

Шымкентте биыл 7500-ге жуық азамат әскери есепке тұрады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі