13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: 96 ЖАСҚА КЕЛГЕН ӘЖЕЙ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: 96 ЖАСҚА КЕЛГЕН ӘЖЕЙ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақта құрметті азаматтар қатары артуда. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Ұрхан Аймұқанбетқызы апамыздың шаңырағына арнайы барып, әжейге «Созақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беріп, арнайы төс белгімен сый-сияпатты табыс етті.

–Саналы ғұмырыңызда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еттіңіз. Сұрапыл соғыс басталған жылдары елде кетпен шауып, су суарып, орақ орып еңбек етуіңіз нағыз ерлікке пара-пар деп білемін. Еткен еңбек, төккен теріңіз ерекше бағаланып, Совет үкіметі кезіндегі «Алтын алқа» иегері және «Ұлы Отан соғысының тылдағы ардагері» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Бүгінде соғыс ардагеріне теңестірілген қарттар тізіміндесіз. 7 ұл 3 қыз дүниге әкеліп, алтын құрсақты «Батыр ана» атандыңыз. 36 немере 45 шөбере сүйіп отырған Сіздей қазыналы қариямызға қандай атақ берсекте жарасады. Осының бәрі жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз деді, — аудан басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Ұрхан Аймұқанбетқызы апамыз естелік әңгімелер айтып, аудан басшысына алғысын айтты. Елге бірлік пен ынтымақ, береке тілеп батасын берді.
Теріскейліктер Ұрхан Аймұқанбетқызын жақсы таниды. Ғасыр көзін көрген әже саналы ғұмырын қара жұмыстан бастап, кейін білім саласын өркендетуге арнаған. Сұрапыл соғыс жылдарында егістік басынан табылып, кетпен көтеріп, тылда бел жазбай еңбек еткен жан. Алтын құрсақты ана «Алтын алқа» иегері және «Ұлы Отан соғысының тылдағы ардагері» төсбелгісімен марапатталған. Қиындыққа мойынсұнбай 7 ұл 3 қыз дүниеге әкеліп, өсіріп-өндіріп, олардан бұл күні 36 немере, 45 шөбере сүйіп отыр.
«Сіздей қазыналы қариямызға қандай атақ берсек те жарасады. Осының бәрі жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз», – деген Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 96 жастағы Ұрхан анаға «Созақ ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгенін растайтын куәлікті табыстап, кеудесіне төсбелгі тақты. Бұл, әрине, өзге өңірлерге үлгі етерлік оң бастама болды десек, артық айтқандығымыз емес.

Previous Post

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының бағыты айқын

Next Post

Шымкентте «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі