13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының бағыты айқын

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының бағыты айқын
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының бағыт бойынша топ жетекшілері т.ғ.д., профессор Тұрсұн Хазретәлі, т.ғ.к., доцент Адилбекова Забираш және PhD, аға оқытушы Хазретәліқызы Райгүл Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архивінде іс-сапарға барған еді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің профессор-оқытушы құрамы ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары бойынша тың деректер мен жаңа мәліметтер жинақтап қайтты.Түркістан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмысшы тобының жетекшілері мен топ мүшелері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президент архивінде іс-сапарға барып қайтқан болатын.

Екі апталық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның оңтүстігінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты архив құжаттарымен танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қазақ даласында орын алған ХХ ғасырдың ауыр қасіреті Ашаршылық тақырыбын бірнеше жыл бойына зерттеп, «Аштық жайлаған дала» атты монографиялық еңбек дайындаған Сара Камерон (Sarah Cameron) және Изабел Охайон (Isabelle Ohayon) сынды шетелдік ғалымдармен бірге қуғын-сүргінге қатысты сұхбаттар құрылып, алдағы уақытта колоборациялық жұмыстар жүргізу жоспарланды.

Еске салсақ, 2020 жылы 24 –ші қарашада Президент Қасым Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойылғаннан кейін жан-жақта қызу жұмыстар басталды. Осыған байланысты Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві де ізденіс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Архив қорында сақталып тұрған Түркістан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қуғын-сүргіннің құрбаны Избанов Аккозы 1937 жылы халық жауы, ұлтшыл-фашист ретінде тұтқынға алынып, 1938 жылы 19 ақпанда ату жазасына кесілген. 1958 жылы 25 наурызда КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының қаулысымен А.Избановтың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты үкімнің күші жойылып, А.Избанов қайтыс болғаннан кейін ақталған.
Бүгінде Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының архивіне Ақтау қаласынан А.Избановтың келіні Құрбанова Нұржамал Балабайқызы шөбересімен келіп, қайынатасының өмірбаяны және қызметтік жолдары туралы енесінің естеліктерін әңгімелеп берді. Отбасылық құжаттары мен фото суреттерін таныстырып, архив ұжымына табыстады. Құрбанова Нұржамал Балабайқызының әңгімесі жас ұрпаққа өнеге болатындай әсер қалдырды. Орнында бар оңалар дегендей қазіргі кезде тірі қалған ұрпақтары өсіп-өніп бір қауым ел болып отыр.

Previous Post

МАҚТААРАЛ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Next Post

СОЗАҚ: 96 ЖАСҚА КЕЛГЕН ӘЖЕЙ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі