13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында NEET санатындағы жастарды қолдау мақсатында «EVENING SPORT» жобасы аясында спорттың кіші футбол және волейбол түрлерінен жарыс өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы»КММ- нің басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы аудан, қаладан келген жастарға сәттілік тіледі.Спорттың екі түрінен өткен облыстық турнир нәтижесі бойынша: Кіші Футбол жарысынан Мақтаарал ауданы I орын (200 000 тг) Волейбол жарысынан II орын — Мақтаарал ауданы (150 000 тг). Турнир соңында Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы жеңімпаздарды құттықтай отырып, дипломдар мен қаржылай сыйлықтарды табыстады.

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы тұрғыдан алатын болсақ, Түркістан облысында 2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны артып, көрсеткіш 718 004 адамды құраған еді. Бұл халық санының 34,59%. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш қырық пайызға жуықтаған. Ал 2025 жылға дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың санын 50 пайызға жеткізу жоспарын алға қойып отырмыз. Жалпы алғанда, облыс тұрғындарының спортқа ден қойып, көрсеткіштің жылдан жылға өсіп отырғаны қуанарлық жәйт. Оған Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыстар да сеп болып отыр.Жалпы спортшыларды ынталандырудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Спортшыларды ең бастысы жаттығу жасайтын орындарын, спорттық құрал-жабдықтармен, спорттық киімдермен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар облыс құрамасына еніп, әрі қарай ұлттық құрамаға енген спортшыларға спорттық нәтижесіне қарай облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жоғарғы жетістікке жеткен спортшыларға және жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым (стипендия) төленеді. Спортшыларды ынталандыру жолында жаттықтырушының да алатын орны ерекше. Сондықтан жаттықтырушылар оқу-жаттығу және жарыс барысында спортшылармен бірге барып жеке жаттығу жұмыстарын жүргізуге көңіл бөледі.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ДҮБІРЛІ КӨКПАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының бағыты айқын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі