13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ВЕТЕРИНАР МАМАНДАРЫНА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ВЕТЕРИНАР МАМАНДАРЫНА АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үздік жұмыс атқарған ветеринар мамандарды аудан әкімі атынан аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев құттықтап, алғыс хаттарды тапсырды. Марапатталушылардың ішінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-нің Сайрам ауданы филиалының паразитолог маманы М.Махажанов, Манкент ауылдық округі Ветеринариялық бекеттің меңгерушісі Е.Оспанов және фельдшері В.Балтаходжаев, Көлкент ауылдық округінің Ветеринариялық фельдшері Х.Темиржанов, Арыс ауылдық округі Ветеринариялық фельдшері Н.Нарботаев, Қарабұлақ ауылдық округінің Ветеринариялық фельдшері А.Абдикаримовтар болды.

Айта өтсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруге үлкен мән беріп, Үкіметке жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл бағытта Түркістан облысында нақты жұмыстар атқарылып келеді. 2019 жылы аудан, қалалардағы ветеринариялық ұйымдар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына өтіп, жағдайды орталықтан бақылап, тұрақтандыруға мүмкіндік ашылған еді. Ветеринар дәрігерлерді жыл бойына тұрақты жұмыспен қамтып, жалақысын 1,5 есеге ұлғайтылған еді.

Бүгінде Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардағы 16 ветеринариялық ұйымды біріктіріп, облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорнын құру жөнінде шешім қабылданған. Бұл тәжірибе елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар қысқарып, есесіне ветеринар мамандар көбейді. Соның нәтижесінде қызмет сапасы жақсарған. Соңғы жылдары төрт түлік пен үй жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмеген.
2021 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаралып, ол өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен еді. Жыл сайын бұл салаға бөлінген қаржы көлемі ұлғайып келеді. Бүгінде аудан бойынша 27,8 мың жеке және шаруа қожалықтарға ветеринариялық қызмет көрсетілуде. Мемлекет тарапынан жыл бойы 14-15 түрлі жұқпалы ауруларға және энзоотиялық ауруларға тегін вакциналық дәрілер беріліп, сырғалау жұмыстары жүргізілген.

Previous Post

ОТЫРАРЛЫҚТАР ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ: ЖІГЕРГЕН АУЫЛЫ ОКРУГІ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі