13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

СОЗАҚ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

10 января, 2023
in Uncategorized
0
СОЗАҚ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Аппақ» ЖШС және «СП Инкай» бірлескен кәсіпорын басшыларын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, «Парыз 2022» республикалық конкурсына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің және аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Айта кету керек, аталған кәсіпорындар мемлекет ұстанған саясатын жүзеге асырып, еліміздің экономикалық даму көрсеткіштеріне үлес қосып, халықтың әл- ауқатының көтерілуіне үлкен еңбек сіңіруде. Аудан халқы үшін де биылғы жылы көптеген жұмыстар атқара білді. Тұрмысы төмен отбасыларды тұрақты түрде қолдап, түрлі жағдайларда демеушілік танытып келеді. Осындай өрелі өндіріс ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жеделдетіп, тұрғындардың тұрмыстық тіршілігін түзей түсетіні сөзсіз. Алдағы уақытта да ауданымыздың өсіп өркендеуі жолында көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы «Аппақ» ЖШС директоры Дархан Қайратұлы мен кеңесшісі Серік Жамашұлына және «СП «Инкай» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС бас диреторы Ельнар Қайратұлы мен орынбасары Әлібек Үсіпбекұлына ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының мүшелеріне нақты және үйлесімді жұмысы мен сайлаушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, облыс әкімі мен ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының және Түркістан облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатын табыстады.
Созақ ауданында үш мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Аудан көлемінде жыл сайын орта есеппен 270-ке жуық жаңа субъектілер қосылып отырады. Оның ішінде сауда-саттық, қызмет көрсету бағыты басымдау.Иә, Замана көшіне ілесіп, жаңа даму мен өркендеу жолына түскен Созақ ауданында атқарылып жатқан істер тізбегі жетерлік. Түркістан облысының маңызды аудандарының бірі саналатын атаулы өңірдің аяқ алысы жаман емес. Қашанда өз бет-бейнесін, жаңа келбетін қалыптастыру жолында нақты қадамдар жасалынып, тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ДҮБІРЛІ КӨКПАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі