13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: «ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойынының ақтық сайысы өтті. Мамыр айында басталған сайысқа ауданнан 32 команда қатысып, өзара бақ сынады. Аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың қолдауымен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды ойынға тарихшы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы төрелік етті. Сайыс 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезеңде аудан тарихы, жер-су атаулары бойынша сұрақтар қойылса, екінші кезеңде Төлеби бабаның өмірлік жолы, өсиетті сөздеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Төлеби бабамыздың тарихи болмысын, өмірі мен ілімін ауданға өз деңгейінде танытып, өсиетті сөздерін насихаттау мақсатында өткен сайыстың қорытынды кезеңіне аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жүзден жүйрік шыққандарды марапаттады.

Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша: бірінші орынды «Төлеби» командасы, екінші орынды «Әкімдер» командасы, үшінші орынды «Алатау» командасы, 4 орынды «Көксәйек» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атанған командалар бірінші орын үшін – 200 мың теңге, екінші орын үшін – 150 мың теңге, үшінші орын үшін – 100 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы сайысқа ауданнан 32 топ қатысты. Екі кезеңнен тұратын интеллектуалды ойында тарихшы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы төрелік етті. Сайыста жүйріктер ауданның тарихы, жер-су атаулары мен Төлеби бабаның өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне қатысты сұрақтар қойылып, өзара бақ сынасты.Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жүзден жүйрік шыққандарды марапаттады.Сайыстың қорытындысында бірінші орынды «Төлеби» командасы жеңіп алса, екінші орынға «Әкімдер» командасы ие болды. Жүлделі үшінші орынды «Алатау» командасы, 4 орынды «Көксәйек» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Бұл интеллектуалдық ойын ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, 6 ай көлемінде өтіп, жалпы 32 команда қатысқан болатын.
«Төлеби» командасы 1 орын, 200000 теңге
«Әкімдер» командасы 2 орын, 150000 теңге
«Алатау» командасы 3 орын, 100000 теңге
«Көксәйек» командасы «Білімділер» номинациясымен
«Сайыпқыран» командасы «Сөз мергендері» номинациясымен
«Имамдар» командасы аудан әкімінің арнайы Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз болған Төлеби командасына ауданның 90 жылдық төс белгісі берілді.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Next Post

СОЗАҚ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі