13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында есірткі сатқандар ұсталды

29 июля, 2020
in Қылмыс
0
Түркістан облысында есірткі сатқандар ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы полицейлері қарасора еккен, есірткі сатқан күдіктілерді ұстады. Полицейлер Түлкібас ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар 6 түп өсімдік тапқан. Оған қоса тінту кезінде жедел уәкілдер, күдіктіден өсімдік тектес ерекше иісі бар 3 орама затты тәркіледі.

Айғақты зат ретінде алынған есірткі түптері мен орамалар сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, құрамында есірткісі бар өсімдіктің түптері «қарасора» болып шықты, ал орамаларда «кептірілген марихуана» сақталған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 70 гр асты.

Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша тіркелді: 300 «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» және 296 «өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу». Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері ер адамның үйінде есірткі заты бар өсімдіктерді қандай мақсатта өсіргенін және сақтағанын анықтауда.

Ал, Мақтаарал ауданында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Мақтаарал АПБ-нің полицейлері ауыл тұрғындарының біріне 5 мың теңгеге ішінде есірткісі бар сіріңке қорапшасын сатқан ер адамды құрықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер сіріңке қорабын алып, сараптамаға жіберді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 гр марихуананы құрады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

Next Post

Қала әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі