«Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда тағайындалған.