13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

28 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысының полицейлері Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың, кәсіпкерлердің карантин режимін бұзуын анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде облыс аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы“ бойынша 472 құқықбұзушылықтарды анықтады, оның ішінде 15 жайт – үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Мысалы, Арыс ауданында полицейлер бір күн ішінде жергілікті тұрғындардың отбасылық және үйлену тойларын ұйымдастыруының үш фактісін анықтады. Осылайша, 26 шілдеде Арыс ауданы Монтайтас кенті тұрғындарының бірі коронавирустық инфекцияның таралу қаупі мен карантиніне қарамастан, өз үйінде “қыз ұзату“  іс-шарасын өткізген. Сол күні Арыс АПБ-ның мобильдік топтары ауылдықтардың үйлену тойларын ұйымдастыруының тағы екі жайтын анықтады, яғни “беташар”.

Үйлену тойларын ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Барлық анықталған жайттар бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Арыс қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді. Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин кезінде қандай да бір отбасылық және өзге де іс-шараларды жүргізуден бас тартуға шақырады. Бұл ең алдымен коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты тұрғындардың және олардың туыстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мүмкіндігінше үйден қажетсіз шықпаңыздар, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде бетперде кию керек және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек!

Previous Post

Шымкентте карантин талабын бұзған сауна анықталды

Next Post

Түркістан облысында есірткі сатқандар ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі