13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЗДІК НОМИНАЦИЯЛАРДЫ ИЕЛЕНДІ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЗДІК НОМИНАЦИЯЛАРДЫ ИЕЛЕНДІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарасу ауылдық округіндегі «Эль-Нұр» мейрамханасында ауданның барша медицина қызметкерлерінің қатысуымен орай, жылды қорытындылауға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық орталық аурухана және «Қарабұлақ» аудандық орталық ауруханасының ұжымы дастархан басында бас қосқан ортада аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев болып, медицина қауымын алдағы кіріп келген Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

— Құрметті қауым, ақ халатты абзал жандар! Сіздерді кіріп келген Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Айта кету керек, соңғы екі жылда елімізде өткен пандемия кезінде Сіздердің адал еңбектеріңіз бен батырлықтарыңызды таныттыңыздар. Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн маңызды емес. Дәрiгерге ең қажетi — адамның денсаулығы, оның тағдыры. Халықтың денсаулығын жақсарту жолында бiлiм мен жанашырлықты тәжірибелеріңізде ұштастыра бiлген Өздеріңізге алғысымды білдіремін!

«Адам байлығы – денсаулық» деген сөзге сай дендеріңізге саулық тілеймін. Отбасыларыңызға Жаңа жыл құт, береке, ырыс алып келсін! Мадияр Мұхтарұлы жыл қорытындысымен денсаулық сақтау саласында ерен еңбегін сіңірген қызметкерлерге алғыс хаттар мен номинацияларды сыйлықтарымен бірге табыстады. Айта кетелік, Сайрам аудан әкімінің «Үздік денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы» номинациясымен Т.Құралбаев марапатталып, иығына шапан жабылды. Ал, «Үздік дәрігер» номинациясымен Х.Зайнитдиновтің есімі аталды.

Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханасының үздік номинациялардан бірнеше қызметкер көрінді. Олардың ішінде «Үздік дәрігер» — Ж.Серікбаева, «Үздік фельдшер» — И.Эргашбеков, «Үздік аққолана» — Р.Тойчиева, «Үздік мейірбеке» — С.Лошадкина, «Үздік зертханашы» -А.Маналова, «Үздік жас маман» — М.Рахыжанқызы, «Үздік маман» — А.Қалтаева, «Үздік қаржыгер» — Ш.Икрамшикова, «Үздік шаруашылық бөлім маманы» — Т.Нуров, «Үздік жүргізуші» — Ш.Керімбеков болды. Арнайы номинациямен «Жаңа технологияларды енгізудегі жетістіктері үшін» ота блогының қызметкерлері иеленді. Мұнан бөлек, денсаулық сақтау саласындағы еңбек ардагері Идрисов Қалдыбай Садуахасұлы, Ирсалиев Нурали Рахматалиұлы, Убайдуллаев Шукурулла Зикриллаұлы және басқалары әріптестеріне ақ тілектерін жолдады.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Дильдабаев жылы лебізін білдіріп, әкім орынбасары Мадияр Мұхтарұлына ризашылығын айтты. Іс-шарада өнерпаздар көтеріңкі көңіл сыйлап, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Previous Post

САЙРАМ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі