13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақсукент ауылындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданда білім саласында жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған «Жыл үздіктері — 2022» атты іс–шарасы өтті. Шарада ауданда білім саласында елеулі еңбектері бар үздік қызметкерлерді марапаттауға арналған жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, «AMANAT» партиясы Сайрам ауданы филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева қатысты.

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор.

Жаңа жыл мерекесі аясында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ұстаздар қауымын құттықтап, аудан әкімі атынан алғысын жеткізді.
— Жыл сайын ауданымызда әр сала бойынша жемісті еңбек етіп, абырой биігінен көрінген, өз саласында кәсіби шеберліктерін көрсете білген үздіктердің еңбегі еленіп, марапатталады. Жылдың үздік номинацияларын тапсыруда білім саласынан «Жылдың үздік мектебі», «Жылдың үздік ұстазы», «Жылдың үздік тәрбиешісі», «Жылдың үздік әдіскері» сияқты білім саласындағы майталмандар арасынан үздіктер анықталып, марапатқа ие болып отыр. Осынау тұлғаларды марапаттау — еліміз жеткен жетістікте игілікті істерді атқаруда аянбай еңбек етіп, ауданымыздың білім жүйесінің жағдайын жақсартуда өзіндік үлесін қосып, қолтаңбасын қалдырған азаматтар, елімізде, жерімізде адал қызмет жасап жүрген үздіктерімізді өскелең ұрпаққа танытып, мәртебесін асыру!
Үздік деп танылған білім мекемелері, сала қызметкерлері, сонымен қатар спорттық сайыстар мен түрлі олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар да марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Next Post

САЙРАМ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЗДІК НОМИНАЦИЯЛАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі