13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданында волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-10 аралығында өткен тартысты турнирге 14 облыс пен Түлкібас ауданының құрамасы қатысқан болатын. Өңіріміздің жас волейболшылары ақтық сайыста Жетісу облысының құрамасынан есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. АЛ бірінші орынды Жетісу өңірінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті павлодарлық волейболшылар түйіндеді. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен марапатталды. Сонымен қатар, жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы медальмен және алғыс хаттар табысталды. Айта өтсек, бүгінде Түлкібас ауданында спорт нысандарының саны артып келеді.

Еске сала өтейік, 2021 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 5 спорттық нысан ашылып, ел игілігіне берілген еді. Оның ішінде үшеуі кәсіпкерлік нысан ретінде ашылса, екі нысан демеушілер есебінен ауыл тұрғындарына тарту етілген болатын. Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылынан «Байқадам» футбол манежі, «Нур-Фари» фитнес клубы мен күрес залы, Балықты ауылындағы «Форсе фит» фитнес клубы кәсіпкерлік нысан ретінде ашылып, тұрғындардың сүйікті орындарына айналып үлгерді. Сонымен бірге, жомарт жанды азаматтар тарапынан Қожамберді және Шақпақ-баба ауылдарында жасанды кіші футбол алаңы ашылып, ауыл тұрғындарына тарту етілген-ді. Одан бөлек, М.Жәрімбетов ауылында жеке кәсіпкер есебінен футбол манежі, жүзу бассейні және жаттығу залының құрылысы жүріп жатыр.

Бұл жұмыстар 2022 жылыда жалғасын тапты. Саладағы игі істер нәтижесінде ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны қырық пайызға жуықтаған. 2023 жылы бұл көрсеткіш артады деген жоспарда бар.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ 80 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ АНТОЛОГИЯСЫ КІТАБЫНА ЕНДІ

Next Post

САЙРАМ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі