13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ 80 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ АНТОЛОГИЯСЫ КІТАБЫНА ЕНДІ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ 80 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ АНТОЛОГИЯСЫ КІТАБЫНА ЕНДІ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Алтын глобус» Халықаралык білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының бастамасымен «Ел үміті» атты дарынды балалардың ұлттық антологиясы жарық көрді. Кітаптың жоба жетекшісі және бас редакторы, академия директоры – Шүиіншәли Абай Серікұлы. «Ел үміті» дарынды балалардың ұлттық антологиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай республикамыздың түкпір-түкпіріндегі, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында шығарылған. Жинаққа еліміздің барлық облыстарындағы білім, өнер, спорт, ғылым, робототехника саласындағы үздік жеңімпаздары мен дарынды дарабоздар енгізілген.

Жинақ дарынды, шығармашыл мектеп шәкірттері мен жалпы оқушылар қауымына арналған. Кітапқа арнайы ұсыныспен үздік деп танылған 1000-нан астам оқушылар енгізілді. Олардың қатарында Түркістандық 80 оқушы бар. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» — деген. Білім — ол біздің ең құнды капиталымыз. Оны игере білсек өмір белестері өзінен – өзі бағына берері сөзсіз. «Ел үміті» аясында Қазақстанда бірнеше білім жобасы іске асырылған. Оның арасында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Бірге оқу» онлайн-мектебі және «Qabilet қызметі» бар.

Айта кету керек, жобаға сәйкес, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтар құрылды. . Министрлік әзірлеген ауылдық жерлерден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу бойынша Жол картасында оқушылардың білімі мен қабілет-қарымын күшейтуге басымдық берілген. Оның ішінде барлық санаттағы балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді және дарынды жастарды қолдау шараларын атап өтуге болады.

Оқушылардың қарым-қабілеттері мен таланттарын дамытуда орта білім беру ұйымдарындағы кітапханалардың маңызы зор. Қазіргі уақытта еліміздің мектептеріндегі 7 мыңға жуық кітапханада оқырмандар саны 2 млн асады. Мектеп кітапханаларында пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қорларды сақтау үшін бөлмелер бөлінген. Жаңа мектептерде абонемент, кітап сақтау және оқу залының үлкен бөлмелері бар. Соңғы жылдары ғаламтор желісіне қосылған және электрондық каталогтар жасайтын компьютерлермен жабдықталған мектеп кітапханаларының саны артуда.

Previous Post

ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ҚАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 350-ДЕН АСТАМ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі