13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ҚАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 350-ДЕН АСТАМ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ҚАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 350-ДЕН АСТАМ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте өткен тәуліктен бері қар толассыз жауып жатыр. «Қазгидромед» мекемесінің болжамы бойынша алдағы күндері қалада қалың қар түсіп, тұман түседі. Бұл кезде коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысы қыза түспек. Қала көшелерін қардан тазарту үшін 350-ден аса техника мен 1140 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәлімдеді.

Әкім орынбасарының айтуынша, коммуналдық қызмет күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

–Бүгін таңғы сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша жауған қардың мөлшері 30 сантиметрден асқан. Қаламызда қысқы қар тазалауға арналған 162 техника болса, бүгінгі қолайсыз ауа райына байланысты тағы 190 техника жұмылдырылып отыр. Бұл техникалар бес ауданға бөлініп, орталық және ішкі орам көшелерін қардан тазарту жұмысын атқаруда — деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Шымкентте биылдың өзінде қыс мезгілі үшін 500 тоннаға жуық инертті материал сатып алынған.

–Қолдағы техникалардың көмегімен қала аумағындағы елді мекендерді қардан тазартуға мүмкіндік болмады. Өйткені толассыз жауған қар тазаланған көшелерде жиналып қалуы жиіледі. Бүгін қосымша техникаларды жұмылдырған соң елді мекендердің орталық көшелерін тазалауға шығып отыр. Десек те, коммуналдық сала қызметкерлері өткен тәуліктен бастап тынымсыз қар күреу жұмысын тоқтатқан емес. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселеге түсіністік танытуды сұраймыз.

Ерғали Дәулетбекұлы өз сөзінде қала тұрғындарынан қоршаған ортаға немқұрайлы болмауын, әр азамат өз үйінің ауласын қардан тазартуға белсенділік көрсетуін де сұрады.

–Әр тұрғын өзі тұрған аула мен үйінің тұсындағы аяқ жолдың қарын күреп, белсенділік танытса, тазалық қызметкерлеріне көп көмек болар еді. Қазіргі сәтте мұндай жұмыстарға баршамыз атсалысқанымыз жөн, — деді әкім орынбасары.

Previous Post

КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ 80 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ АНТОЛОГИЯСЫ КІТАБЫНА ЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі