13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
33
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың экспозициясы ашылды. Онда қаламгердің өмірінен сыр шертетін тарихи суреттер мен деректер, кітаптары жұртшылық назарына ұсынылған.

Жиналған көпшілік алдында музей қызметкері Э.Жамашова жазушының өмірдерегі мен шығармашылығы жөнінде баяндама жасаса, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары ақындардың жазушыға арнаған өлеңдерін оқыды.

Салтанатты жиында ақын Нармахан Бегалиев, жазушының жерлесі Бейсен Жарқынбаев, жазушы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Сабырбек Олжабай, белгілі журналист Серікбай Тұржан жазушының шығармалары, азаматтық келбеті жайында әсерлі әңгімеледі. Алдағы уақытта музейге келушілерге «Шаянның Шолоховы» атанған Еркінбек Тұрысовтың өмірі мен шығармашылығы насихатталатын болады.
Еркінбек Тұрысов — 1927 жылы 12 қазанда Бәйдібек ауданы, Талдыбұлақ ауылында туған. Шымкент педагогика институтын бітірген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 14 жасынан еңбек ете бастады. Қатардағы колхозшы, ауылдық кеңестің хатшысы, он жылдай (1946–1955) облыстық ішкі істер басқармасында саяси қызмет атқарды. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, кейінгі он жылда (1968–1978) аудандық «Алғабас» газетінің редакторы болды. 1978 жылдан шығармашылық еңбекте. Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы. Жазушының «Келіншектау», «Ақбақай», «Қыран тауы», «Құралай жолы», «Түндер сазы» атты кітаптары жарық көрген. Ал «Темірлан» романы, «Бәйдібек», «Қош, көгілдір керуен», «Қайран Сәкен», «Кемеңгерлердің керуені», «Нұржаудың нұрлы түндері», «Алыста қалған», «Досовтың соңғы күндері» атты эссе, хикаяттардың авторы.

Бірнеше рет мемлекеттік наградалармен, екі мәрте (1977, 1987) Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген (1998). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005)

Previous Post

САЙРАМ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЗДІК НОМИНАЦИЯЛАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі