13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

10 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» өз жұмысын бастағалы екі жылға жуық уақыт өтті. Клуб бастамасымен сектор тұрғындары арасында баскетбол, футбол, үлкен теннис және түрлі отбасылық, командалық ашық алаң ойындары ұйымдастырылған.

Нәтижесінде республикалық деңгейде жасөспірімдер арасында үлкен теннистен жарыс өткізіліп, оған Түркістан, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкенттен келген спортшылар қатысқан.
Сонымен бірге, клубтың ұйымдастыруымен өткен Түркістан қаласының қысқы ойындары біріншілігінде 100-ге жуық тұрғын бақ сынасып, шахмат, гір тасын көтеру, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, футбол ойындарымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен де жарысқа түскен.

Өткен жылдың қорытындысымен клуб ұжымы республикалық, облыстық деңгейдегі бәсекелерде шаһар намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған. Соның ішінде, «ARMANS ZHETISAY CUP-2022» облыстық турнирінде клуб қатысушыларынан құралған команда үшінші орынды иемденсе, Кентау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде клубтың «Түркістан» командасы I орынды жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда, клубта 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 20 жаттықтырушы — футбол, үлкен теннис, баскетбол ойындарынан 700-ге жуық оқушыны жаттықтыруда.

Одан бөлек, мекемедегі 28 спорт нұсқаушысы қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқаруда. Спорт нұсқаушылары қысқы маусымы мен жаз маусымдарында қаладағы 30-дан аса ашық алаңда таңғы жаттығулар ұйымдастырады.

Айта кетейік, клубтың үйірмелеріне қатысуға 6 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер өтініш бере алады. Мекемедегі басқа да сауалдар бойынша мекеме директорының орынбасары Амандық Әбдікерімұлы (8 776 991 11 91) және әдіскер Фариза Әліге (8 707 222 17 10) хабарласуға болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі