Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек әзірбайжан, кәріс, неміс және татар этномәдени бірлестігінің төрайымдарымен кездесті. Кездесу этномәдени бірлестіктерінің жыл қорытындысымен атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен таныса отырып, шешімін қажет ететін өзекті мәселелерін қарап, ұсыныстар беру мақсатында өтті. Тақырып аясында этномәдени бірлестіктердің ішінде Түркістан облысының «Гарабах» әзірбайжан ұлттық этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева қайырымды және этносаралық достықты нығайту мақсатында көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болатынын айтты. Айтуынша, 2018 жылы өзінің бастамасымен Сайрам ауданында алғаш рет әзірбайжан-иран бірлестігі болып құрылған. Құрылған сәттен бастап аудан орталығында мерекеге орайластырылған іс-шаралардан бөлек, жастармен ағаш егу акциясын өткізді. Ұлттық би өнерін үйрететін лезгинка мектебін ашып, жастарға ақысыз қызмет көрсетуді жолға қойған. 2020 жылдың ақпан айынан бері әзірбайжан халқының ұсынысымен #облыстық бірлестікті басқарып отыр. Осы жылы пандемияның кезінде белгіленген карантин талаптарына сәйкес, тұрғындарды қолдау мақсатында Қарасу ауылында үйме-үй барып, 500-ден астам отбасыға ыстық тамақ, нан тағамдары мен сусындар жеткізген. Арыс қаласында жарылыс оқиғасы, Мақтарал ауданында су тасқынына байланысты орын алған төтенше жағдайлар кезінде демеушілерді тарта отырып, зардап шеккен отбасылар тамақ, киім-кешектер және уақытша баспанамен қамтылды. Қарасу ауылында 2020 жылы «Жексенбілік мектеп» ашылды. Онда әзірбайжан тілі және әдебиеті, тарих пәндері аптада 1 рет тегін оқытылады.
2021 жылы Түркістан қаласында «Достық» офисінің салтанатты ашылу рәсіміне Әзірбайжан елінен келен азаматтар мен қонақтарға этномәдени бірлестік жайлы таныстырылып, көрме ортанылды. Өткен жылы Наурыз мерекесінде «Рауан» салтанат сарайында қолөнер және қазақ және әзірбайжан халқының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүріне арналған көрмесі өтіп, жергіліктілер үшін дастархан жайылды. Ал, Халықаралық әйелдер күніне орай, 30-ға жуық әйел азаматтарына төсек жабындарын сыйлап, мақтау қағаздарымен марапатталды. Қарттар күніне орай, бірлестіктің төрайымы өз есебінен 26 әйел азаматшаны Өзбекстан Республикасына саяхат жасауға демеушілік етті. Бірлестіктің тарапынан облыс және аудан аумағындағы аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға қатты отын және азық-түліктермен қамтамасыз етіледі. Осындай қайырымдылық іс-шара жақында Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында жалғасын тапты. Мекеменің ұжымы, тәрбиеленушілері және тұрғындарға сыйлықтар тапсырылып, ыстық тамақ дайындалды. Сонымен қатар, Қарасу ауылындағы намазханасында 150 адамға дастархан жайылып, ас берілді.
Әзірбайжан елінде өткен бесінші құрылтайға қатысып, Рамиля Фирдоусиқызы жоғары марапатты иеленді. Таулы Қарабақтан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, ардагерлерге құрмет көрсету, ерлік жасаған ардагерлерді еске алу, әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды отан қорғауға шақыру мақсатында өткен шараға қатысып, өз қолдауын білдірді. «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» өткізген іс-шарасы облыстық телеарнаның «Шаңырақ» бағдарламасында көрсетілді. Ал «Turkistan» телеарнасы ұйымдастырған «TURAN таңдауы – 2022» байқауына қатысып, «ТАТУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» номинациясының жеңімпазы атанып, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің директоры Ж.Ағыбаевтың арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Түрлі бағдарламаларға өңірлік бірлестіктерден қатысқан жалпы 42 үміткердің ішінде ұлттар достығын насихаттаушы ретінде үздіктің қатарында болды. Соңғы жылдары Әзірбайжан елінің танымал әншілерінің қатысуымен Түркістан қаласында және Сайрам ауданында концерттер мен кездесулер ұйымдастырылды. Төрайым сөзінің соңында ауқымды іс-шаралар облыстық және Әзірбайжан елінің республикалық телеарналарынан тікелей байланыс арқылы жарияланатынын тілге тиек етті.Бахытбек Сембекұлы аталған бірлестіктің жасаған игі істері үшін алғысын жеткізіп, барлық бірлестіктің жұмысын жандандырудың қажеттілігіне тоқталды. Ал, ғимарат мәселесі алдағы уақытта тиісті шешімін табатынын түсіндірді. Осы мәселелердің төңірегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сабит Реметов те өз ой-пікірлерін қосып өтті.




