13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: «МӘРТӨБЕ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ НҰРҒИСА ТӨРЕМҰРАТОВ ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСІ АТАНДЫ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: «МӘРТӨБЕ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ НҰРҒИСА ТӨРЕМҰРАТОВ ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСІ АТАНДЫ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында жыл қорытындысымен сала үздіктері облыс әкімі Дархан Сатыбалдының дипломымен марапатталды. Марапаттау рәсімінде Мәртөбе Газетінің редакторы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Нұрғиса Төремұратов облыстың қоғамдық даму саласына қосқан ерекше үлесі үшін 2022 жылдың «ҮЗДІК ЖУРНАЛИСІ» номинациясының иегері атанды.

Айта кетелік, биыл Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық фестивалінің жазба ақындар байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Н.Төремұратов Өзбекстан Республикасында 1975 жылы дүниеге келген. Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Алғашқы еңбек жолы Манкент ауылындағы №11 «Манкент» жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімінен бастаған. 2002-2018 жыл аралығында Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы, редактордың кеңесшісі қызметтерін атқарған. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Сайрам ауданының меншікті тілшісі болды. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін аталған газеттің редакторы қызметін жалғастырып келеді.

Өзбекстан жазушысы Миркарим Осимнің «Томирис», Машрап туралы, Увайсий ақын туралы хикаяларын, өзбек халқы лапарларін қазақшаға аударған. «Жаңарған Сайрам», «Сайрам ауданының үздік жастары» кітаптарына редакторлық еткен. Ағымдағы жыл жергілікті баспасөз қызметкері үшін табысты жыл болды. Ақпарат айдынындағы елеулі еңбегі бағаланып, өңір журналистері арасында үздік танылғаны Сайрам ауданы үшін ерекше қуаныш, айтарлықтай жетістік болып отыр. Бұл саладағы мамандар ауданның игілігі үшін қалқысыз қызмет етіп, жағымды жаңалықтарды халыққа дер кезінде жеткізіп, өзекті де өткір тақырыптарға қалам тартып, кәсіби міндетті адал атқаруда.

Previous Post

САЙРАМ: АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

САЙРАМ: Ұлттар достығын насихаттаушылар үздіктер қатарында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі