13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ТУРНИРДЕ САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫ «ЕҢ ҮЗДІК СПИКЕР» НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ТУРНИРДЕ САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫ «ЕҢ ҮЗДІК СПИКЕР» НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, Қазақстан Республикасы оқу-ағару министрлігінің кубогіне арналған мектеп оқушыларының арасында ұлттық пікірсайыс турнирі өткен болатын. Аталған турнирге Арыс ауылдық округінің Қожақорған елді мекенінде орналасқан аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп–гимназиясының 11-сынып оқушылары Аматниязова Саида Шухратжанқызы және Абдусаматова Севинч Бахтиерқызынан құралған «VIP» ағылшын командасы қатысып, топ жарды.

Мектеп оқушылары алдымен аудандағы мектептер арасында іріктеу кезеңінен өтіп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Келесі облыстық кезеңде өткен жарыста жүлделі бірінші орыннан көрініп, республикалық турнирге аттанды. Бүгінде республикалық деңгейде өткен ұлттық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетіп, терең білімі мен тіл шеберлігі жағынан Абдусматова Севинч жеңімпаз танылып, «Ең үздік спикер» номинациясы берілді. Жеңмпазға марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов өз тарапынан кубогін табыстап, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин жайлы кітап пен мектеп сөмкесін сыйға тартты.
Бұдан бөлек, министр оқушылардың жақсы дайындығын көрсеткені үшін жетекші ұстазы Д.Алимбековаға сертификат, диплом және алғыс хатымен марапаттады. Балалар жылында өткен турнирде сайрамдық оқушының үздік атануы бұл ауданның білім саласында қол жеткізген жоғары жетістігінің бірі болып отыр. Осындай жеңіске себепші болған облыстық салалық басқарма және жергілікті бөлімінің көрсеткен қолдаулары, сонымен қатар мектеп ұжымының жұмсаған тынымсыз еңбегінің жемісі екенін айта кету керек.

Previous Post

САЙРАМ: Ұлттар достығын насихаттаушылар үздіктер қатарында

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 242 ВАГОН КӨМІР ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі