Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны Халметова Шахла жақында үшем туды. Сүйінші хабарды естіген аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы ана мен баланың жағдайын сұрап, нәрестелерге құтты болсын айтып арнайы үйіне барды. Жаңа босанған анаға балаларының туу куәліктерін, 3 дана балалар қоларбасын, жемістер және тәттілері бар себеттерді, гүл шоғын сыйға тартты. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов, әлеуметтік салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімінің басшысы Н.Сарыбеков, Манкент ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов және аудандық орталық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Л.Қарасаева және ауылдық учаскелік дәрігер де арнайы құттықтау үшін барды.
Алдымен, Ұласбек Сәдібекұлы ананың жағдайымен танысып, көп балалы анаға балаларының туу куәліктерін, 3 дана балалар қоларбасын, жемістер және тәттілері бар себеттерді, гүл шоғын сыйға тартты. Ал, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері нәрестелерге арналған киім-кешектер мен жабын жинақтарын табыс етті. Қазіргі таңда ананың жағдайы жақсы екенін және құрмет көрсеткен басшыларға ризашылығын жеткізді. 33 жастағы келіншек тұңғыш қызынан кейін екі қыз, бір ұл көрді. Оларға Шукрона, Юсуф және Ифара есімдері берілген. Айта кетсек, мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын. Медицина қызметкерлерінің көмегімен бүгінде балалардың жағдайы тұрақты. Жаңа жыл қарсаңында туылған нәрестелердің салмағы 2150 гр, 2100 гр, 2210 гр болған. Бүгінде, анасы мен сәбилері перзентханадан шыққан. Деседе медицина қызметкерлері олармен үнемі байланысқа шығып, жағдайын бақылауда ұстауда.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысы, Сайрам ауданының 33 жастағы тұрғыны Дильфуза Мырзақұлова 2009 жылы Фатима мен Зухра есімді қос егізді өмірге алып келген. Ал, 2015 жылы Разия, Рабия, Раяна туған. Өткен жылы тағы да егіз босанып, олардың есімін Хасан мен Хусан деп қойды. Бүгінде отбасында 5 қыз бен 2 ұл өсіп келеді.