13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ақсукент ауылдық округіндегі «DIAMOND» салтанат сарайында «Ауыл – ел тірегі» жобасының жеңімпаздары, «Жыл үздігі — 2022» номинация иегерлерін марапаттауға арналған және «Қош келдің жаңа жыл!» Жаңа жылдық шоу кеші өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Уласбек Садибеков, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мурат Есалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті Сайрам аудандық бөлімінің басшысы А.Абдраман, аудандық полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев, аудандық соттың төрағасы Қ.Дүйсебеков тиісті аумақтық мекеме және дербес бөлім басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Іс-шарада аудан әкімі аудан тұрғындары мен қонақтарын кіріп келген Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл ішінде ауданның қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, өз кезегінде үлес қосып, қолдау білдірген белсенділерге алғысын жеткізді.
— Жыл ішінде аудан әкімдігімен өткізілген кездесулер, жиындар мен іс-шаралар барлығы аудан әлеуетін дамытып, қоғамдық-саяси ахуалын тұрақтандыруға, сонымен қатар жергілікті халықтың ынтымағы пен бірлігін сақтауға бағытталған.
Жаңа жыл өткенге баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең. Осы тұста, ауданымызда біршама тындырымды жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру жағынан бірінші орынды екінші жыл қатарынан иелендік. Аудан еңбеккерлерінің жемісті еңбегі облыс көлемінде бағаланып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «ALTYN KÚZ — 2022» мерекесінде, жыл қорытындысымен ауданымыз екінші жыл қатарынан үздік аталды. 2022 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалуда. Инвестиция тартылып, бірнеше әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл — Ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары да дәстүрлі жалғасын тапты. Алдағы уақытта да бұл іс-шаралар жұмысымызға оң әсерін тигізері сөзсіз. Ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақталуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етейік, ардақты ағайын!Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз 2023 жылы да жаңа идеялық ізденістермен және бастамашыл қадамдармен жалғасын таба беретін болады. Жыл қорытындысымен әр салада және қоғамда анықталған үздіктерге облыс әкімінің марапаттары, сонымен қатар аудан әкімінің «Жыл үздігі» номинациялары және алғыс хаттары табысталды.
«Ауыл – Ел тірегі» жобасында 1-ші орын Қарасу, 2-ші орын Көлкент, 3-і орын Қайнарбұлақ ауылдық округтеріне беріліп, қаржылай сертификаттары тапсырылды. Марапаттау рәсімі жалғасып, «Үздік журналист», «Үздік дәрігер» «Үздік мұғалім» секілді бірнеше аталымдар аталып, сахна төрінде еңбек озаттарына құрмет көрсетілді. Мерекеге орай, аудан өнерпаздары ән-биден шашу шашып, өнерлерімен көпшілікті тәнтті етті.

Previous Post

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН КӨП БАЛАЛЫ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Next Post

«AMANAT»: ЗАҢ ШЫҒАРАТЫН ДЕПУТАТ БОЛСА, ДЕПУТАТҚА ЖОЛ СІЛТЕЙТІН – ХАЛЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі