13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында коммуналдық сала қызметкерлеріне арнап жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Ауданның тазалығына, абаттануына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдарын аудан әкімі Нұрбек Бадырақов құттықтап, жылы лебізін білдірді:
— Құрметті шаруашылық саласының қызметкерлері! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты халыққа арнаған Жолдауында: “Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады” деді. Президентіміздің айтып өткен еңбек адамы мына Сіздерсіздер. Таңның атысынан кештің батысына дейін тыным таппай еңбек ететін Сіздер ауданымыздың таза болуына, абаттануына, жасыл желекке айналуына, өркендеп дамуына зор үлес қосып келесіздер. Ол үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін!,- деді ол.
Кешегі болмаса – бүгінгі бол­майды. Еңбеккерлік – жылдар бойы қалыптасатын мектеп. Об­лыс әкімінің орынбасары сөз ара­сында күні бүгінге дейін абырой­лы ісі мен еңбекқорлығының арқа­сында жас ұр­пақ­қа үлгі-өне­ге болуда.
Қазақта “Еңбек-бәрін жеңбек” деген қанатты сөз бар. Бұл сөз қоғамның ұранына айналуы керек. Сіздердің жұмыстарыңызға адамдардың көзқарасын дұрыстау аса маңызды. Яғни, еңбек адамы — елдің мақтанышына айналуы тиіс. Көше тазалаудан, ағаш кесуден, көшеттерді отырғызып және оларды суғарудан және т.б. шаруа жасаудан еш намыстанбаңыздар. Өйткені Сіздердің жұмыстарыңыз адал әрі шынайы.
Ендігі кезекте ауданда еңбек адамын көпшілікке кеңінен насихатталатын болады. Бұл Әділетті Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Сала жауаптылары да бұл бағытта тиісті идеологиялық жұмыстарды жүргізетін болады. Салтанатты шарада бірқатар еңбек адамы аудан басшысының, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

САЙРАМ: АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі